«Ордабасы» футболшысы бас бапкердің көмекшісімен төбелесті

03.12.2020, 19:50
Бапкермен қоштасу кешіне бірде-бір футболшы келмепті.
«Ордабасы» футболшысы бас бапкердің көмекшісімен төбелесті

Шымкенттік "Ордабасы" клубының футболшылары Қазақстан біріншілігінің соңғы тур ойынынан соң бас бапкердің көмекшісімен төбелесіп қалды, деп хабарлайды Айдын Қожахмет телеграм каналында. 

"Оқжетпес" командасымен өткен ойыннан кейін "Ордабасы" футболшылары Кахабер Цхададзенің көмекшісімен төбелесті. Төбелестің себебі әлі белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, Чихрадзе ойынның аяқталуына бірнеше минут қалғанда қосалқы құрамдағы ойыншылардың біріне дайындалып, киім ауыстыруын сұраған. Футболшы тапсырманы орындап, бас бапкерге келген. Бапкер осы кезде ойыншының неге келгенін түсінбей, ашулана бастаған. Содан соң футболшы қайта трибунаға оралған. 

Матч соңында футболшы Чихрадзенің қолын алудан бас тартқан. Басқа футболшылар да бас бапкердің дөрекілігіне наразы болыпты. Осы кезде жанжал басталып кеткен. Абырой болғанда команда жетекшілері сол жерде болып, төбелесіп жатқандарды ажыратып алған. 

Негізі шымкенттік команда ішіндегі атмосфераның нашар екені бұған дейін де айтылып жүрген. Барлық футболшы бапкердің дөрекілігіне наразы. Оған мына факт дәлел бола алады: ойын аяқталған күні кешке команда тұрақтаған қонақүйдің ресторанында бапкермен қоштасуға арналған кешкі ас ұйымдастырылған. Бірақ ол жиынға футболшылардың ешқайсысы келмеді", - деп жазады Қожахмет. 

Айта кетейік, "Ордабасы" биылғы маусымды бесінші орында аяқтады. Ал 52 жастағы Цхададзе клубта 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оған дейін грузин маманы алматылық "Қайратты" жаттықтырған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×