Бақдәулет Нұралы
18 жастағы шабуылшы дәл қазір Беларусь клубының бірінде оқу-жаттығу жиынына қатысуда.
Оның дәл қандай команда екені әзірге белгісіз. Бұл туралы «Ғасыр Футболы» телеграмм-арнасы мәлімдеген болатын.
Бақдәулет Нұралы «Ордабасы» түлегі. Жас шабуылшы шымкенттік команда сапында QJ league турнирінің 2024-жылғы маусымында 22 кездесуге қатысып, 22 гол мен 6 ассисттің авторы атанды. QJ league үздік бомбардирі саналады. Ал «Ордабасының» негізгі командасында былтыр ҚПЛ-де 9 ойынға қатысты. Сондай-ақ, Қазақстан U16, U17 құрама командаларының да намысын қорғаған. Футболшының нарықтық бағасы 50 мың еуро.