«Ордабасы» грузиялық клубты еш қиындықсыз жеңді

19.02.2021, 22:57
Жоао Пауло бұл матчта дубль жасады.
«Ордабасы» грузиялық клубты еш қиындықсыз жеңді

"Ордабасы" Түркиядағы ОЖЖ аясында грузиялық "Динамо Батуми" командасымен кездесті. Матч 4:2 есебімен шымкенттік клубтың пайдасына шешілді. "Ордабасы" сапынан Жоао Пауло қос бірдей гол соқты, ал қалған екі голды Бриджидо мен Сұлтаниязов өз еншісіне жазды.

"Ордабасының" негізгі құрамы: Бекхан Шайзада, Александр Симчевич, Сағадат Тұрсынбай, Тимур Досмағамбетов, Эльхан Астанов - Самат Шәмші, Еркебұлан Тұңғышбаев, Чиди Осучукву, Рубен Бриджидо, Мирзад Механович - Жоао Пауло.

Естеріңізге сала кетейік, Александр Седнев шәкірттері бұған дейін үш кездесу өткізіп үлгерді. "Навбахор" (2:1), "Алания" (5:2) клубтарынан басым түскенімен, "Динамо Москва" (1:2) командасына есе жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×