«Ордабасы» ивуарлық футболшымен мәміле жасасты

09.04.2022, 16:43
Футболшы израильдік клубтан ауысып келді.
«Ордабасы» ивуарлық футболшымен мәміле жасасты

«Ордабасы» футбол клубы 27 жастағы ивуарлық жартылай қорғаушы Секу Думбиямен келісім-шартқа отырды.

Секу Еуропадағы мансабын молдовалық «Саксан» клубында бастап, онымен бірге Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде ойнаған. 2015 жылы Думбия «Заря» командасына ауысты. 2016-2019 жылдар аралығында ресейлік «Тамбов» клубында өнер көрсетіп, 2019 жылғы ФНЛ чемпионы атанды.

Осы маусымда израильдік «Хапоэльден» (Хадера) шымкенттік клубқа ауысып келді. Ол Еуропадағы мансабында 106 кездесуге қатысып, бір гол соққан және төрт нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×