
«Ордабасы» қақпашысы Бекхан Шайзада командаласы Асхат Тағыберген жайлы пікірін айтты.
Қазақстандық қақпашы жартылай қорғаушының шымкенттен кетуіне байланысты ойын жеткізген болатын.
«Не айтуға болады, әрине бұл қиын жағдай. Ордабасыға көптен күткен чемпиондықты әкелген ойыншы кетті. Ол кезде оның жалақысы туралы ешкім ештеңе демеген еді (күледі). Жаңа бапкер келді, әзірге нәтиже жоқ. Біз Асхатты лайықты түрде шығарып саламыз деп ойлаған едік. Бұл жағдайға қатты өкінемін», - деді қақпашы sports24-ке берген сұқбаты барысында.
Естеріңізде болса, Асхат Тағыберген «Ордабасымен» келісімшартын үзіп, ҚПЛ-дің үшінші турының алдында «Тобыл» қатарын толықтырған. Қазақстан құрамасының капитаны 2017-жылы және 2021 мен 2022-жж аралығындағы маусымда қостанайлықтар жейдесінде өнер көрсеткен. Бұдан бөлек оның мансабында «Ақтөбе», «Астана» мен қызылорданың «Қайсары» болды.
Біздің серіктес: FONBET