«Ордабасы» «Каспийді» еш қиындықсыз жеңіп, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді

05.07.2022, 03:00
Шымкенттік клуб қатарынан төртінші матчта жеңіске жетіп отыр.
«Ордабасы» «Каспийді» еш қиындықсыз жеңіп, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді

Қазақстан Премьер-лигасының он алтыпшы турындағы соңғы ойында «Ордабасы» «Каспийді» қабылдады. Матч Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 4:1 есебімен аяқталды.

Кездесудің 20-минутында Всеволод Садовский командасын алға шығарды. 32-минутта Эльхан Астанов есепті еселеді. 77-минутта Руан Телеш пенальтиді сәтті орындап, есеп айырмасын қысқартты. Үш минуттан кейін «Каспий» қақпашысының қателігін Муроджон Халматов өз пайдасына жаратты. Ойынның аяқталуына үш минут қалғанда Халматов дубль авторы атанды.

Қазақстан Премьер-лигасы, 16-тур

«Ордабасы» – «Каспий» – 4:1

«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) –Никита Шершнёв (Әділхан Добай 50), Сағадат Тұрсынбай, Карам Сұлтанов, Одилбек Абдумажитов, Самат Шәмші (к) (Нұралы Мамырбаев 90) – Александр Батищев, Виктор Брага (Батырхан Тәжібай 90), Секу Думбия (Муроджон Халматов 71), Эльхан Астанов – Всеволод Садовский (Луис Гедеш 90);

«Каспий»: Ристо Янков (қ) – Ерлан Қадырбаев (Еркебұлан Нұрғалиев 64), Виктор Дмитренко, Артём Барановский, Әлішер Сүлей (Мадияр Бекешов 86) – Тарас Бондаренко (к), Никола Цуцкич, Павел Киреенко, Аслан Әділ (Алмас Арменов 84) – Рати Ардазишвили, Руан Телеш;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×