"Ордабасы" 2026 жылғы маусымға үлкен мақсат қойып отыр. Клуб басшылығы Премьер лигадағы ең мықты үш команданың қатарына кіруді негізгі міндет ретінде белгілеген.
Өткен маусым Шымкенттіктер үшін сәтсіз аяқталған болатын. Қаржылық әлеуеті жоғары клуб күткен нәтижеге жете алмады. Енді жаңа маусымға дайындық мүлде басқа деңгейде жүргізілмек.
Басшылықтың айтуынша, командадан тұрақтылық пен өрлеу күтіледі. "Ордабасы” тек үздік нәтижелермен шектелмей, ойын сапасы мен клуб мәдениетін де арттыруды мақсат етіп отыр.
Клуб құрамын күшейту жұмыстары да жоспарланған. Келесі маусымда сапалы шетелдік легионерлер шақырылып, сонымен қатар қазіргі негізгі ойыншылардың шамамен 70 пайызы сақталады. Мұндай тәсіл командада тәжірибелі ойыншылар мен жаңа күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған.