Қазақстан Премьер-Лигасының 17-турында Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» шымкенттік «Ордабасыны» қабылдады.
Ойын барысында басымдықты қонақтар өз қолына алып, әсіресе екінші таймда белсенді прессингпен көзге түсті. Алайда олар бірнеше қауіпті шабуылдарға қарамастан, гол соға алмады. Кездесудің тағдырын 93-минутта «Жетісу» сапында дебют жасаған Рафаэль Саксесс шешті. О қақпашымен бетпе-бет шығып, допты торға дәл бағыттады.
Айта кетейік, матчтың фавориті болып саналатын «Ордабасы» жуырда Конференциялар лигасынан шығып қалған еді.
Осы жеңістен кейін «Жетісудың» ұпай саны 16-ға жетіп, олар турнир кестесінде 10-орында орналасып отыр. Ал «Ордабасы» 23 ұпаймен 8-орында тұр.
«Жетісу» — «Ордабасы» 1:0 (0:0)
Гол: Саксесс, 90+3 минут (1:0)