“Ордабасы” хорватиялық легионерімен қоштасты

Дарио Чанаджия өз отанындағы “Младост Ждралови” командасына ауысты. 

“Ордабасы” хорватиялық легионерімен қоштасты

31 жастағы жартылай қорғаушы “Ордабасы” сапына 2025 жылдың ақпан айында келіп қосылған болатын. Ол осы маусым қорытындысы бойынша шымкенттік клубта 17 ойын өткізіп, 1 гол соқты. 

Айта кетейік, Дарио өз мансабында хорватиялық “Бьеловар”, “Вертекс”, “Славен”, “Риека”, “Шибеник”, “Горица”, итальяндық “Специа”, словениялық “Олимпиа”, румыниялық “Астра”, норвегиялық “Олесунн”, “Сарпсборг”, босниялық “Зриньски”, грекиялық “Кифисиа” және румыниялық “Бузэу” клубтарында өнер көрсетті. 

Чанаджиа соңғы рет кәсіби деңгейде 2018 жылы “Олимпиамен” Словения чемпионаты мен ел Кубогын жеңіп алды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×