“Ордабасы” хорватиялық ойыншыны өз қатарына қосты

12.02.2024, 18:35
“Ордабасы” хорватиялық ойыншыны өз қатарына қосты

 

28 жастағы тіреуіш жартылай қорғаушы Ловро Цвек мансабын шымкенттік “Ордабасыда” жалғастыратын болды, деп жазады Аладоп.кз.

Цвек өз мансабында “Вараждин”, “Алюминий”, “Целе”, “Сеница”, “Заря” Луганск және “ЧФР Клуж” клубтарында өнер көрсетті. Соңғы аталған ұжымда ол осы маусым қорытындысы бойынша 24 ойын өткізіп, 2 гол мен 4 голдық пас берді.

Ловро мансабының көп бөлігін Словения біріншілігінде өткізген. Оған дәлел, ойыншының Бірінші Лигада өткізген 150-ден астам ойыны.

Трансфермаркет орталық қорғаныста да ойнай беретін ойыншыны 1 млн еуроға бағалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

ФК Ордабасы
Серіктес жаңалықтары
×