«Ордабасы» клубына жаңа президент тағайындалды

12.02.2022, 14:08
Бақтияр Байсейітовтың дәуірі аяқталды.
«Ордабасы» клубына жаңа президент тағайындалды

Шымкенттік командадағы директорлар кеңесінің шешімі бойынша Бауыржан Абдубаитов «Ордабасы» футбол клубының жаңа президенті атанды.

Бауыржан Тойшыбекұлы 1959 жылы 27 қарашада дүниеге келген.

Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің мүшесі, Қазақстан футбол федерациясының әйелдер футболы комитетінің төрағасы. 2002 жылдан бері «БИІК» компаниясының президенті болып табылады («БИІК» футбол орталығы және «БИІК-Шымкент» ӘФК).

Оның басшылығымен «БИІК-Шымкент» әйелдер клубы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына үш мәрте шыққан.

Естеріңізде болса, бұған дейін клубты Бақтияр Байсейітов басқарған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×