“Жеңіс” ойыншысын өз қатарына қосқысы келетін командалар саны екеуге жетті.
Ел құрамасы футболшысы мен елордалық клубтың арадағы келісім шарт мерзімі осы жылдың соңында аяқталады.
Өткен маусымда жартылай қорғаушы Жеңіс үшін барлық турнирлерде 29 матч өткізіп, 4 гол мен 5 голдық пас берді.
Қыркүйек айында Тараз футболы түлегі Қазақстан жейдесінде Бельгияға қарсы кездесуде дебют жасады. Одан кейін ол қазан айының 13 күнінде Солтүстік Македониямен өткен матчта ғаламат гол соғып, Байсуфинов командасына 1 ұпай алып берді.
“Ордабасыдан” бөлек, бұған дейін “Ақтөбеде” Дінмұхамед қызметіне иек артып отырғаны жайында біздің портал жазған болатын.