“Ордабасы” құрамын қорғаушымен толықтырды

30.12.2025, 14:29

Шымкенттік клуб Босниялық "Сараево" командасымен келісімге келді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ордабасы” құрамын қорғаушымен толықтырды

25 жасар Сербиялық сол қанат қорғаушы Филип Йович “Ордабасыға” қосылатын болды. 

Сербияның 18 жасқа дейінгі құрамасында доп тепкен Филип мансабын Сербияның “Власина” командасында бастаған. 

“Ордабасы” футболшының 7-ші командасы болмақ. Бұған дейін ол “Сараеводан” бөлек бірнеше Сербиялық клубтарда доп тепті. 

Айта кетсек, Филип Йович 2024/25 маусымда Босния кубогының жеңімпазы атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×