Шымкенттік "Ордабасының" бас бапкері, Молдовалық маман Андрей Мартин команданың Қазақстан Премьер лигасына деген дайындық деңгейі туралы айтып берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бас бапкердің сөзіне сенсек, команданы жинақтау жұмыстары аяқталуға жақын. Дегенмен, клуб басшылығы мен бапкерлер штабы тағы бірнеше позицияны нығайтуды көздеп отыр.
"Жұмыс әдеттегідей қарқынмен жүріп жатыр. Құрамды жасақтау ісі соңғы сатысында деуге болады. Біз тағы екі-үш позиция бойынша күшейгіміз келеді. Бұл ойымыздың қаншалықты жүзеге асатынын алдағы уақыт көрсетеді." — деді Андрей Мартин Legalbet.kz порталына берген сұхбатында.