“Ордабасы” командасы Қазақстан Кубогының ширек финалында “Ақтөбені” қабылдап, 1:2 есебімен жеңілді. Дәо сол ойыннан кейін жартылай қорғаушы Евгений Макаренко БАҚ өкілдеріне сұқбат берген болатын.
“Қос команданың орындауындағы жақсы ойынға куә болдық. Алғашқы кезекте бізді қолдауға келген жанкүйерлерге алғысым шексіз. Олардың қолдауы бұл матчта сезілді. Фанаттардың арқасында 120 минут тоқтамай ойнағын келеді. Өкінішке қарай, біз жеңілдік. Футбол болғандықтан, жеңіс пен қатар жеңіліс жүреді. Кеткен қателермен алдағы уақытта жұмыс жасаймыз деген ойдамын”.
Еске салайық, “Ордабасы” мен “Ақтөбе” арасындағы кездесудің жеңімпазы 90 минутта анықталмай, матч экстра-таймға ұласқан болатын. Қосымша таймда Евгений Макаренко өз командасын алға шығарды. Алайда, қонақ команда ойын соңына дейін барлығын түбегейлі өзгертіп кетті.
Біздің серіктес: FONBET