«Ордабасы» матч соңында екі гол соғып, жеңісті жұлып әкетті

24.04.2022, 00:03
Шымкенттік клуб турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.
«Ордабасы» матч соңында екі гол соғып, жеңісті жұлып әкетті

«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турында «Қызыл-Жарды» қабылдады. Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 12-минутында шымкенттік клубтың шабуылшысы Серж Ньюадзи баспен гол соқты. Бірақ 41-минутта Юрий Бушман айып добын тамаша орындап есепті теңестірді. 90-минутта Ньюадзи дубль авторы атанды. Ал үш минуттан кейін Карам Сұлтанов мергендік танытып, матчтың нүктесін қойды.

Қазақстан Премьер-лигасы, 7-тур

«Ордабасы» – «Қызыл-Жар» – 3:1

«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) – Сағадат Тұрсынбай, Евгений Чаговец, Карам Сұлтанов, Одилбек Абдумажидов, Самат Шәмші (К) – Секу Думбия, Виктор Брага, Эльхан Астанов – Серж Ньюадзи, Всеволод Садовский (Луис Гедеш 74);

«Қызыл-Жар»: Мирослав Лобанцев (қ) (к) – Юрий Бушман, Валерий Каршакевич, Олег Мурачёв, Марк Гурман, Дмитрий Шмидт – Пабло Подио, Мусса Коне – Павел Яковлев (Артур Мурза 46), Дарко Зорич, Мишель Нкололо;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×