Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында «Ордабасы» оралдық «Ақжайықтан» басым түсті. Кездесу Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.
Ойынның 30-минутында Иван Антипов екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. 53-минутта Луис Энрике Гедеш баспен гол соқты. Араға он минут салып Максим Ваганов есепті еселеді. Матч соңында Ваганов ойын тәртібін бұзғаны үшін қызыл қағаз алды.
Қазақстан Премьер-лигасы, 3-тур
«Ордабасы» – «Ақжайық» – 2:0
«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) (К) – Максим Ваганов, Сағадат Тұрсынбай, Карам Сұлтанов, Одилбек Абдумажидов, Аслудин Хаджиев (Әділхан Добай 77) – Александр Батищев, Виктор Брага (Муроджон Халматов 88) – Эльхан Астанов (Зикрилло Сұлтаниязов 88), Серж Ньюадзи (Батырхан Тәжібай 88), Луис Гедеш (Всеволод Садовский 72);
«Ақжайық»: Константин Махновский (қ) – Бауыржан Омаров (Ардақ Сәулет 57), Виталий Приндета, Милош Стаменкович, Мирам Сапанов, Эльдар Абдрахманов – Сергей Шустиков (к), Рафаэль Сабино – Артур Газданов (Оралхан Өміртаев 46), Иван Антипов, Игорь Карпенко (Лука Имнадзе 46);
Біздің серіктес: FONBET