УЕФА қазақстандық командалардың қатысуымен болатын ойындардың төрешілерін тағайындады.
“Пюник” - “Ордабасы”
Бас төреші: Мигел Ногейра
Көмекшілер: Бруну Алвеш Жезуш және Паулу Браш
Төртінші төреші: Бруну Виейра
VAR: Катарина Кампуш
VAR көмекшісі: Угу Мигел (барлығы - Португалия)
Армениялық команда мен қазақстандық ұжым арасындағы қарымта ойынды 15 тамыз күні сағат 21:00-де тамашалай аласыздар. Еске салсақ, алғашқы ойында “Ордабасы” Алматыдағы Орталық стадионда “Пюникке” минималды есеппен есе жіберген болатын.
“Астана” - “Корвинул”
Бас төреші: Атиллы Караоглан
Көмекшілері: Джейхун Сесигюзел және Абдулла Эзкара
Төртінші төреші: Чагдаш Алтай
VAR: Эркан Энгин
VAR көмекшісі: Онур Озютопрак
Қарымта ойын 14 тамыз күні Алматыда өтетін болады. Негізі әуел-баста кездесу 15 тамызға жоспарланған болатын. Алайда сол күні төтенше қызметкерлері стадионда арнайы іс-шара өткізгендіктен, матч бір күнге бері шегерілді.
Біздің серіктес: FONBET