2022 жылғы 6 сәуірде ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысы өтті.
Жиналыс қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
«Каспий» - «Ордабасы»
Қарсыласын гол соғудың айқын мүмкіндігінен айырғаны үшін Тәртіптік регламенттің 44-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес «Ордабасы» командасының ойыншысы Евгений Чаговец бір матчқа қатысу құқығынан айырылады. Дисквалификация мерзімі 2022 жылдың 4 сәуірінен бастап есептеледі.
«Тараз» – «Атырау»
Қарсыласқа қарсы өрескел ойын тәртібін бұзғаны үшін Тәртіптік регламенттің 44-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес «Атырау» командасының ойыншысы Амандық Нәбиханов екі кездесуге қатысу құқығынан айырылады. Дисквалификация мерзімі 2022 жылдың 4 сәуірінен бастап күшіне енді.
Біздің серіктес: FONBET