Шымкентте ҚПЛ “Ордабасы” мен “Қызылжар” арасындағы матч аяқталды. 90 минуттың қорытындысы бойынша қос тарап бір-бірлерінің қақпасына 1 голдан соқты.
ҚПЛ, 5-тур
“Ордабасы” 1:1 “Қызылжар”
Голдар: Малый 52’, Березкин 48’
“Ордабасы”: Бекхан Шайзада (Қ) – Златан Шехович, Темірлан Ерланов, Сергей Малый, Игорь Пластун, Реджинальдо – Асхат Тағыберген (К), Евгений Макаренко – Ловро Цвек (Бауыржан Исламхан 46), Жасур Яхшибоев (Всеволод Садовский 75), Дембо Дарбо (Шохбоз Умаров 64);
“Қызылжар”: Джурахон Бабаханов (Қ) – Зоран Нижич, Брайан Ван Дер Богарт, Улар Жақсыбаев, Ардак Сәулет – Рафаиль Оспанов (Мади Хасейн 88), Евгений Березкин, Рубен Бриджидо (Ираклий Бугридзе 81) – Шоқан Абзалов (Владислав Сорокинс 62), Лука Имнадзе, Борис Смилянич ;
27 жастағы “Қызылжар” командасының жартылай қорғаушысы Евгений Березкин Премьер-лига аясында өткізген 5 кездесуде 4 гол соқты. Бүгінгі кездесуде ерекшеленген белорус ойыншысы ішкі чемпионаттың сұрмергендер көшінде Ыдырыс Умаевты басып озды (3 гол).
Біздің серіктес: FONBET