“Ордабасы” мен “Қызылжар” кездесуінде жеңімпаз анықталмады

20.04.2024, 19:09

Шымкентте ҚПЛ “Ордабасы” мен “Қызылжар” арасындағы матч аяқталды. 90 минуттың қорытындысы бойынша қос тарап бір-бірлерінің қақпасына 1 голдан соқты.

“Ордабасы” мен “Қызылжар” кездесуінде жеңімпаз анықталмады

ҚПЛ, 5-тур

“Ордабасы” 1:1 “Қызылжар”

Голдар: Малый 52’, Березкин 48’

“Ордабасы”: Бекхан Шайзада (Қ) – Златан Шехович, Темірлан Ерланов, Сергей Малый, Игорь Пластун, Реджинальдо – Асхат Тағыберген (К), Евгений Макаренко – Ловро Цвек (Бауыржан Исламхан 46), Жасур Яхшибоев (Всеволод Садовский 75), Дембо Дарбо (Шохбоз Умаров 64);

“Қызылжар”: Джурахон Бабаханов (Қ) – Зоран Нижич, Брайан Ван Дер Богарт, Улар Жақсыбаев, Ардак Сәулет – Рафаиль Оспанов (Мади Хасейн 88), Евгений Березкин, Рубен Бриджидо (Ираклий Бугридзе 81) – Шоқан Абзалов (Владислав Сорокинс 62), Лука Имнадзе, Борис Смилянич ; 

27 жастағы “Қызылжар” командасының жартылай қорғаушысы Евгений Березкин Премьер-лига аясында өткізген 5 кездесуде 4 гол соқты. Бүгінгі кездесуде ерекшеленген белорус ойыншысы ішкі чемпионаттың сұрмергендер көшінде Ыдырыс Умаевты басып озды (3 гол).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×