Футболдан 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының шымылдық ашар матчы аяқталды. «Ордабасы» өз алаңында «Мақтааралды» қабылдады. Шымкентте өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
Бірінші болып ҚПЛ дебютанты «Мақтаарал» Билал Себаихидің арқасында есеп ашты. Алаң иелері бұған 37-ші минутта Серж Ньюадзидің голымен жауап берді.
Қазақстан Премьер-лигасы, 1-тур
«Ордабасы» – «Мақтаарал» – 1:1
«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) – Сағадат Тұрсынбай, Одил Әбдімәжитов, Карам Сұлтанов, Аслудин Хаджиев – Александр Батищев, Самат Шәмші (С), Виктор Брага, Эльхан Астанов – Серж Ньюадзи, Луис Гэдеш;
«Мақтаарал»: Сергей Литовченко (қ) – Артур Западня, Руслан Юденков (к), Егор Потапов, Ілияс Әмірсейітов – Ерболат Рүстемов, Ринат Джуматов, Расамбек Ахматов – Алекс Бруно, Биллал Себайхи, Шериддин Бобоев;
Біздің серіктес: FONBET