«Ордабасы» мен «Тараз» тең түсті

02.10.2020, 22:38
«Ордабасы» мен «Тараз» тең түсті

Шымкенттік "Ордабасы" Премьер-лиганың 12 турында "Тараз" клубымен тең ойнады. Матч Талғардағы Ұлттық құраманың базасында өтіп, 1-1 есебімен аяқталды.

Ойындағы алғашқы голды "Тараз" командасы соғып кетті. 56-минутта Зоран Бркичтің айып алаңының сыртынан бағыттаған соққысы қақпа торында тулады. 76-минутта Жоао Паулоның қақпаға бағыттаған соққысын Виктор Дмитренко нәтижелі пасқа айналдырып, гол соқты.

Бұл матчтан кейін "Ордабасы" 18 ұпаймен үшінші орында тұр. Ал "Тараз" болса 12 ұпаймен сегізінші орынды ешкімге бермей тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×