"Ордабасы" мен "Тобылдың" кезекті финалы

25.02.2024, 08:47

Бүгін Қазақстанның суперкубогінің финалдық матчы болады. Шешуші сында "Ордабасы" мен "Тобыл" күш байқасады.

 

"Ордабасы" мен "Тобылдың" кезекті финалы

Қос команданың бұл жаңа жылдан бергі екінші финалы. Санаулы күн бұрын шымкенттіктер мен қостанайлықтар Түркияда болған тұңғыш коммерциялық турнирдің кубогін сарапқа салған болатын. Ол кезде "Ордабасы" басым түскен. Антальяда өтетін Суперкубок финалын "Қазспорт" арнасынан 18:00 де тамашалай аласыздар! 

Айта кетейік, биыл суперкубокте жеңіске жеткен командаға 25 миллион теңге сыйақы беріледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×