“Ордабасы” нысанасында болған шабуылшы Қытайлық клубқа қосылды

25.02.2026, 20:43

Гвинея құрамасының ойыншысы Усман Камара карьерасын Қытай чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ордабасы” нысанасында болған шабуылшы Қытайлық клубқа қосылды

Ойыншы "Гуанчжоу ЖЗ-Пауэр" (Guangzhou Z-Power) клубымен келісімшартқа отырмақ.

Конакри тумасы Усман Камара үлкен футболдағы алғашқы қадамдарын Скандинавияда бастаған.

2018-2019 жылдары Швецияның "АФК Эскильстуна” және "Волеренга” клубтарында өнер көрсетті.

2021-2022 жылдары Грузия біріншілігіне ауысып, "Дила Гори” және "Динамо Тбилиси” сапында тәжірибе жинақтады.

2024 жылы қаңтар айында "Астана" Камараны 350 мың еуроға сатып алған болатын.

Футболшының "Астанамен" келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жасалған еді және оның нарықтағы құны қазіргі таңда 1 миллион еуроға бағаланып отыр. Алайда, футболшы осылайша Аспан асты елінде доп тебуге шешім қабылдады.

Камара – Гвинея ұлттық құрамасының негізгі ойыншыларының бірі. Ол 2015 жылы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында бағын сынаса, 2024 жылдың наурызынан бастап Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп келеді. Қазіргі таңда оның қоржынында 6 ойын және Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде соққан 2 голы бар.

“Астана” бұл трансферден шамамен 473 000 000 теңге қалталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×