“Ордабасы” “Оқжетпеске” сабақ үйретті

19.10.2025, 20:07

Шымкенттік "Ордабасы" өз алаңында "Оқжетпесті" 7:1 есебімен тас талқан етті.

“Ордабасы” “Оқжетпеске” сабақ үйретті

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ шымкенттіктер қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады.

  • Жоао Паулиньо алғашқы таймда дубль жасады (7 және 24 минуттар)
  • Одан кейін Эльхан Астанов 36 және 45 минуттарда екі мәрте көзге түсіп, алғашқы тайм соңында есепті 4:0 етті.

Екінші таймда да "Ордабасы” қарқынын бәсеңдетпеді:

  • Лука Имнадзе (64 мин.),
  • Сергей Малый (77 мин.),
  • және Михай Кэпэцинэ (83 мин.) нәтижелі соққыларымен жеңісті нығайтты.

Қонақтар сапынан тек Даурен Жұмат (60 мин.) бір ғана гол соғып, команданың абыройын сақтап қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×