«Ордабасы» он адаммен ойнаған «Қайраттан» басым түсті

13.09.2021, 02:00
Құрбан Бердыев Премьер-лигадағы дебюттік матчында сәтсіздікке ұшырады.
«Ордабасы» он адаммен ойнаған «Қайраттан» басым түсті

"Ордабасы" Қазақстан чемпионатының 20-турында алматылық "Қайратты" қабылдады. Матч Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Кездесудің небәрі 10-минутында Абдуллай Диакате стандарттан асырылған пасты басымен қақпаға дәл бағыттады. Ал 31-минутта Александр Клещенко Стас Покатиловты қапыда қалдырды. Бес минуттан кейін Айбол Әбікен тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 72-минутта "Қайрат" шабуылшысы Хосе Канте пенальтиді сәтті орындағанымен, командасына ұпай сыйлай алмады.

Шымкенттік клуб бұл жеңістен кейін 30 ұпаймен бесінші орынға көтерілсе, Құрбан Бердыев шәкірттері 37 ұпаймен үшінші орында қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×