«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының он төртінші турында «Таразбен» кездесті. Матч Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтіп, 3:2 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.
Ойынның 8-минутында Эльхан Астанов пенальтиді сәтті орындады. 15-минутта Всеволод Садовский есепті еселеді, ал төрт минуттан кейін Милен Гамаков өз қақпасына гол соғып алды. Бірінші тайм аяқталар тұста «Ордабасы» қақпасына пенальти белгіленді. Нүктеге келген Әлішер Сүлей Бекхан Шайзададан айласын асыра алмады. Дәл сол сәтте айып алаңында тәртіп бұзылып, «Тараз» тағы да пенальти тебетін мүмкіндікке ие болды. Бұл жолы Жақып Қожамберді мүлт кетпеді. Екінші таймда Абылайхан Жұмабек командасының екінші голын соқты.
Қазақстан Премьер-лигасы, 14-тур
«Ордабасы» – «Тараз» – 3:2
«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) – Самат Шамши (к), Сағадат Тұрсынбай, Секу Думбия (Луис Гедеш 71), Карам Сұлтанов, Никита Шершнёв (Максим Ваганов 83) – Александр Батищев, Виктор Брага, Эльхан Астанов – Всеволод Садовский (Батырхан Тәжібай 90), Серж Ньюадзи;
«Тараз»: Мұхаммеджан Сейсен (қ) – Әділет Кеңесбек, Лука Гадрани, Жалғас Жақсылықов, Нұрлан Дайыров, Мақсат Әмірханов (к) (Ермек Қуантаев 74) – Милен Гамаков (Ерсұлтан Қалдыбеков 83), Абзал Таубай – Әлішер Сүлей (Дінмұхамед Қараман 59), Жақып Қожамберді (Еркебұлан Тойбеков 74), Абылайхан Жұмабек;
Біздің серіктес: FONBET