«Ордабасы» Қазақстан чемпионатының бесінші турында «Тобылдан» айласын асырды. Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен матч 3:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 20-минутында Александр Марочкин өз айып алаңында қолмен ойнағаны үшін алаңнан қуылды. Эльхан Астанов пенальтиден мүлт кетпей, есеп ашты. 41-минутта Игорь Сергеев таразы басын теңестірді. Бірінші таймның аяқталуына бір минут қалғанда Серж Ньюадзи Ордабасыны алға шығарды. Ал 85-минутта тоголық шабуылшы дубль жасады.
Қазақстан Премьер-лигасы, 5-тур
«Ордабасы» – «Тобыл» – 3:1
«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) – Сағадат Тұрсынбай, Карам Сұлтанов, Одилбек Абдумажидов, Самат Шәмші (к) – Виктор Брага, Секу Думбия (Аслудин Хаджиев 57), Әділхан Добай – Эльхан Астанов, Серж Ньюадзи, Всеволод Садовский;
«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Владислав Васильев, Жарко Томашевич, Александр Марочкин, Алекса Аманович, Бағдат Қайыров – Асхат Тағыберген (к), Душан Йованчич – Рубен Бриджидо, Айбар Жақсылықов, Игорь Сергеев;
Біздің серіктес: FONBET