«Ордабасы» өз алаңында жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалды

28.08.2020, 02:50
Шымкенттік клуб екі мәрте ашық қақпаға гол соға алмады, пенальтиден де мүлт кетті.
«Ордабасы» өз алаңында жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалды

Шымкенттік «Ордабасы» Еуропа Лигасына іріктеу кезеңінің бірінші турында румыниялық «Ботошаниден» жеңіліп қалды.

Ойын Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтті. Бірінші таймнан кейін 2:1 есебімен қонақтар алға шықты. 25 минутта «Ботошаниде» австриялық қорғаушы Марсель Хольцман гол соқты, ал 33-ші минутта хорватиялық шабуылшы Марко Дуганджич мергендік танытты. Ал "Ордабасы" сапынан Май Махлангу 31-минутта көзге түсті.

Одан бөлек, «Ордабасы» 12-минутта пенальтиді орындай алмады - сенегалдық жартылай қорғаушы Абдулай Диакатенің соққысын қақпашы Эдуард Пап қайтарды.

Осылайша, келесі кезеңге Румыниялық команда шықса, шымкенттік "Ордабасы" жарыс жолын бірінші кезеңнен аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×