Қорғаушы Карам Сұлтанов «Ордабасы» ойыншысы атанды. Бұл жайлы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.
25 жастағы футболшы 2021 жылғы маусымды «Шахтерда» бастады. Магомед Адиев келгеннен кейін қорғаушы қарағандылық клубтан кетті.
Бір айға жуық Карам еркін агент ретінде жүрді және жақында шымкенттік клубқа ауысты.
Карам Сұлтанов мансабын «Ордабасы» жастар құрамасында бастады, содан кейін «Бәйтерек», «Қызыл-Жар», «Каспий» және әзірбайжандық «Сумгаит» клубтарында ойнады.
Біздің серіктес: FONBET