"Ордабасы" президенті: Біз Чемпиондар лигасының басталуын тағатсыздана күтудеміз

07.07.2024, 13:52

"Ордабасы" сәрсенбі күні Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында Молдованың "Петрокуб" командасын қабылдайды.

"Ордабасы" президенті: Біз Чемпиондар лигасының басталуын тағатсыздана күтудеміз
"Ордабасы" - "Ақтөбе" кездесуі

Осы орайда шымкенттік клуб президенті Асхат Сейсембек команданың тыныс-тіршілігі мен Еурокубоктегі жоспарлары туралы айтты. 

"Бастысы, балалар орталығындағы жаттықтырушылардың айлығын көтеріп, сол жердегі өрендердің дамуына қолайлы жағдай жасауға күш салдық. Балалардың жатын орны, тамақтануы мен шәкіртақысы - мұның барлығы Шымкент футболының өркендеуіндегі іргетастар. Сондай-ақ, бас бапкермен және футболшылардың өздерімен жиі әңгімелесемін. Бұл да ортақ тіл табысуда аса маңызды. Біз Чемпиондар лигасының басталуын тағатсыздана күтудеміз. Себебі, бұл - клуб дамуындағы жаңа дәуір. Ал біздің дайындығымызды матчтардың нәтижелері көрсетеді. Футболшыларымыз клубтың ғана емес, бүкіл қазақ футболының намысын жерге жықпайды деп сенемін", - деген болатын"Ордабасы" президенті.

Естеріңізге саламыз, 10-шілдеде "Ордабасы" ЧЛ іріктеу кезеңінің бірінші айналымы аясында кездесу өткізеді. Бұл бәсеке кешкі сағат 20:00-де басталады. Ал қос команда арасындағы жауапты ойын 17-шілдеде Хынчешты қаласындағы "Петрокубтың" алаңында өтпек. Қос ойын қортындысында басым болған ұжым екінші кезеңге шығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×