«Ордабасы» президенті мен бас бапкеріне айыппұл салынып, матчтан шеттетілді

03.09.2020, 15:50
Дұрыс жаттықтыра алмаған өзін кінәлау керек.
«Ордабасы» президенті мен бас бапкеріне айыппұл салынып, матчтан шеттетілді

Футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының VII турындағы Шымкенттік «Ордабасы» мен алматылық «Қайрат» арасындағы матчта тәртіп бұзушылықтар анықталды.

Қарсылас команданың бас бапкерінің атына ұятсыз сөздермен берілген спорттық емес мінез-құлқы үшін: - «Ордабасы» ФК бас бапкері Кахабер Цхададзе бір матчқа дисквалификацияланды және оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды, бұл 277 800 теңге;

- «Ордабасы» ФК бас бапкерінің көмекшісі Георгий Чихрадзе бір матчқа дисквалификацияланды және оған да 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды;

- «Ордабасы» ФК президенті Бақтияр Байсейітов бір матчқа шеттетіліп, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Бұл адамдарды дисквалификациялау 2020 жылдың 31 тамызынан бастап күшіне енеді. Ал айыппұлдарды төлеу мерзімі 2020 жылдың 02 қазанына дейін белгіленген. Шешім КФФ Тәртіптік ережесінің 53-бабына сәйкес қабылданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×