«Ордабасы» «Қайраттың» жартылай қорғаушысын жалға алды

11.07.2021, 14:25
Шымкенттік клуб сапында Сұлтанбектің інісі өнер көрсетеді.
«Ордабасы» «Қайраттың» жартылай қорғаушысын жалға алды

"Қайраттың" 22 жастағы жартылай қорғаушысы Сұлтанбек Астанов шымкенттік "Ордабасы" клубына жалға берілді, деп хабарлайды алматылық клубтың ресми сайты.

Сұлтанбек маусымның қалған бөлігін "Ордабасы" клубында өткізетін болады.

Астанов - "Ордабасының" түлегі. 2017 жылдың қаңтарында ойыншы "Қайратқа" ауысып, Академияның барлық сатыларынан өтті. 2019 жылы ол "Ақтөбеге" қарсы матчта негізгі команда сапында дебют жасады.

Осы маусымда ол "Қайрат" жейдесінде 10 кездесу өткізіп, бір нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×