«Ордабасы» Қазақстан кубогының финалына жолдама алды

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
20.10.2022, 02:53
Шымкенттік клуб жартылай финалда «Астанадан» басым түсті.
«Ордабасы» Қазақстан кубогының финалына жолдама алды

Екінші жартылай финалдық кездесу «Астана Аренада» ойналды. «Астана» командасы «Ордабасыны» қабылдады. Бұл матчқа «Астана» екінші құраммен шықты. Себебі, негізгі футболшыларын чемпионаттың ойынына алып қалды. Матчтың 22 минутында «Астана» ойыншысы Диас Қанатқали өз қақпасына гол соғып алды. Алайда, жергілікті жастар жылдам таразы басын теңестірді. Владислав Прокопенко өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Ал 39 минутта сол Провопенко екінші голын салып, дубль авторы атанды. Бірінші таймды елордалықтар жеңіспен аяқтады.

Екінші таймның бел ортасында «Ордабасы» футболшысы Гедеш есепті 2:2 қылды. Одан кейін сапалы легионерлері бар шымкенттік клуб шабуылдай берді. Қос қапталдан қыспаққа алып, қарсылас қақпашысын әбден әбігерге салды. Матч барысында 13 бұрыштама көтерген қонақтар түбі дегендеріне жетті. Төреші қосқан 8 минут түгеселер тұста Серж Ньюадзи жеңісті голды салып кетті.

«Ордабасы» командасы Қазақстан кубогының финалында «Ақжайықпен» кездеседі. Оралдық команда тарихында бірінші рет кубок финалына шығып отыр. Ал «Ордабасы» осыған дейін кубог иегері атанып қойған. Финал «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч 12 қараша күніне жоспарланған.

Ермұхамед Мәулен


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×