«Ордабасы» екатеринбургтік «Уралдың» бұрынғы қорғаушысы Доминик Дингамен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
24 жастағы сербиялық футболшы шымкенттік клуб сапында 6-нөмірмен өнер көрсететін болады. Ол командадан кеткен украиналық қорғаушы Евгений Чаговецті алмастырды.
Динга - сербиялық «Войводина» клубының түлегі. 18 жасында «Урал» командасына қосылып, РПЛ-да 30-ға жуық матч өткізді. Соңғы екі маусым бойы Доминик «Динамо Минскте» жалдау шарты бойынша доп тепті.
Динга кезінде Сербияның жастар және жасөспірімдер құрамасында ойнаған.
Біздің серіктес: FONBET