Шымкенттік "Ордабасы" мен петропавлдық "Қызыл-Жар" арасындағы бірінші тур матчы ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды.
Матч бүгін, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-де Шымкенттегі Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтуі керек еді.
Айта кетейік, бүгінгі матчқа 30% жанкүйерлердің кіруіне рұқсат берілген еді. Клубтың баспасөз қызметі жанкүйерлердің сатып алған билеттері келесі матчқа жарамды болып табылатынын хабарлады.
Біздің серіктес: FONBET