«Ордабасы» сапынан екі қазақстандық футболшы кетті

08.02.2021, 03:41
Бұл екі ойыншы да өткен маусымда мүлдем ойнаған жоқ.
«Ордабасы» сапынан екі қазақстандық футболшы кетті

Өткен маусымда "Ордабасы" сапында ойнаған екі футболшы командадан кетті.

33 жастағы қорғаушы Андрей Шабаев өткен маусымда шымкенттік клубтың жейдесінде небәрі 2 матч өткізді.

32 жастағы қорғаушы Талғат Адырбеков өткен маусымда бірде-бір кездесу өткізген жоқ, бірақ ол "Ордабасы" сапында 77 ойын өткізді. Соңғы рет ол алаңға 2018 жылдың 14 мамырында шыққан еді.

Естеріңізге сала кетейік, "Ордабасы" бұған дейін Зиги Бадибанга, Виктор Дмитренко, Ұлар Жақсыбаев ("Қайсар") және Мардан Төлебекпен ("Тұран") қош айтысқан болатын.

Ал қазір команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына Бағдат Қайыров пен Еркебұлан Тұңғышбаев қатысуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×