«Ордабасы» сырт алаңда ірі жеңіске жетті

27.07.2025, 22:01

Қазақстан Премьер-Лигасының 18-тур матчында «Тұран» өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» қабылдады.

«Ордабасы» сырт алаңда ірі жеңіске жетті

Кездесу қонақтардың толық басымдығымен өтсе де, бірінші таймда есеп ашылмады. Екінші таймда Владислав Наумец алыстан қақпа бұрышын дәл көздеді. Артынша Дарио Чанаджия қақпа алдына берілген пасты голға айналдырды. Ал Лукa Имнадзе қақпашымен бір-бірге шыққан сәтін сәтті пайдаланып, есепті ұлғайтты. Қорытынды есепті Сергей Малый түйіндеді. Қорытынды есеп: 0:4.

Енді «Ордабасы» 26 ұпай жинап, турнирлік кестеде жетінші орынға көтерілді. Ал «Тұран» 11 ұпаймен соңғы орында тұр.

«Тұран» — «Ордабасы» 0:4 (0:0)

Голдар: Наумец 65 (0:1), Чанаджия 75 (0:2), Имнадзе 77 (0:3), Малый 90+6 (0:4).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×