«Ордабасы» тағы бір жұлдызды футболшыны алуға дайын: жаңа легионер Гуцуляктан кем түспейді

15.11.2026, 15:13

Шымкенттік «Ордабасы» трансфер нарығында тағы бір ірі келісім жасауға дайындалып жатыр. Қазақстанның қазіргі чемпионы Украина құрамасының ойыншысы Алексей Гуцуляктан кейін шетелдік тағы бір жоғары деңгейдегі футболшыны қатарына қосуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

«Ордабасы» тағы бір жұлдызды футболшыны алуға дайын: жаңа легионер Гуцуляктан кем түспейді

Дереккөздің мәліметінше, «Ордабасы» басшылығы алыс шетел елдерінің бірінен легионер шақыруды жоспарлап отыр.

Жаңа ойыншының есімі әзірге жарияланбағанымен, оның шеберлігі мен трансферлік құны жуырда командаға қосылған Алексей Гуцуляктың деңгейінен төмен болмайтыны айтылуда.

«Оның есімі әзірге жарияланбайды. Алайда бізге белгілі болғандай, ол — алыс шетел елдерінің бірінің өкілі. Шеберлігі мен құны жағынан жақында келісімшарт жасалған Гуцуляктан еш кем түспейді», — деп жазды «Серый CARDINAL» арнасы.

Еске салайық, 11 қарашада «Ордабасы» Украина құрамасының 28 жастағы вингері Алексей Гуцулякпен екі жылдық келісімшарт жасасқанын ресми түрде хабарлады.

Бұған дейін футболшы Украинаның «Полесье» клубында өнер көрсеткен.

Transfermarkt порталының бағалауынша, Гуцуляктың нарықтық құны 3 миллион еуроны құрайды. Осы көрсеткіш бойынша ол Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат футболшы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×