Шымкенттік "Ордабасы" Премьер-лиганың 8-турында елордалық "Астана" клубынан жеңіліп қалды.
Кездесу ұлттық құраманың базасында өтіп, 1-2 есебімен аяқталды.
Матчтағы алғашқы голды "Астана" клубының исландиялық жартылай қорғаушысы Сигурьонссон 57-минутта пенальтиді сәтті орындау арқылы соқты. Араға 7-минут салып Рунар дубль авторы атанды. Шымкенттік команда да гол соғуды ұмытпады. 70-минутта Жоао Пауло есепті қысқартып, өз командасына үміт сыйлаған еді. Бірақ нәтиже болмады.
Кезекті жеңілісіне ұшыраған "Ордабасы" жетінші орынға түсті. Ал Пол Эшуорт жаттықтыратын команда 14-ұпаймен екінші орынға көтерілді.
Біздің серіктес: FONBET