Шымкенттік ұжым 3 мәрте Қостанай командасынан қапы қалып отыр.
Бүгінгі финалда Нұрбол Жұмасқалиев шәкірттерін шешуші кезеңде Сигневич пен Чесноковтың голдары жеңіске жеткізді.
Осылайша қостанайлық клуб өз тарихында үшінші рет кубок иегері атанды. Бұған дейін сары-жасылдар 2007 және 2023 жылы топ жарған еді. Ол кезде де “Тобылдың” қарсыласы “Ордабасы” болған.
Қазақстан кубогы “Тобылға” бұйырғандықтан, енді ҚПЛ-да төртінші орын алған клуб келесі маусымда еурокубокте ойнайды.
Айтпақшы, турнир жеңімпазы ретінде Жұмасқалиев командасына Федерация тарапынан 65 млн теңге сыйақы берілмек.