«Ордабасы» Того құрамасының шабуылшысымен мәміле жасасты

05.03.2022, 15:03
Шабуылшы бұған дейін Қазақстанның қос командасында өнер көрсеткен.
«Ордабасы» Того құрамасының шабуылшысымен мәміле жасасты

«Ордабасы» футбол клубы Того құрамасының шабуылшысы Серж Ньюадзимен келісім-шартқа отырды.

Ньюадзи франциялық «Ниццаның» түлегі, ол ең алғашқы кәсіби еңбек-шартын осы командамен жасасқан. Одан кейін болгариялық ЦСКА, литвалық «Жальгирис», түркиялық «Трабзонспор», румыниялық «Астра» командасында доп тепті.

Қазақстан Премьер-лигасында «Тараз» бен «Каспий» үшін 40-тан астам кездесу (10 гол) өткізген.

30 жастағы шабуылшы «Тараздан» кеткен соң литвалық «Судува» клубының намысын қорғады (33 матч, 8 гол).

Сонымен қатар Серж Того құрамасы сапында 5 ойынға қатысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×