"Ордабасы" Украина ұлттық құрамасының қорғаушысымен келісімге келді

09.02.2024, 21:32
"Ордабасы" Украина ұлттық құрамасының қорғаушысымен келісімге келді

Ресми: шымкенттік Ордабасы 33 жастағы қорғаушы Игорь Пластунмен келісімге келді.

Игорь "Оболонь" командасының түлегі. Ол өз мансабында "Лудогорец" және "Гент" сынды танымал ұжымдарда доп тепті. Соңғы аталған ұжым қорғаушыны 3 млн еуроға бағалап, оның трансферлік құнының өсуіне сеп болды. 

Пластун еурокубоктік тәжірибесі жеткілікті аяқдопшы. Қорғаушы еуропаның басты турнирлерінде жалпы алғанда 70 матч өткізген. Өз елінің ұлттық құрамасы үшін Игорь небәрі 3 ойында алаңға шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

ФК Ордабасы
Серіктес жаңалықтары
×