«Ордабасы» үш бірдей қазақстандық футболшыны қатарға қосты

31.07.2021, 15:25
Ал Тоқтар Жаңғылышбай командадан кетті.
«Ордабасы» үш бірдей қазақстандық футболшыны қатарға қосты

Қазақстандық қақпашы Тимурбек Закиров "Ордабасы" клубына ауысты. Закиров шымкенттік клуб сапында 80-нөмірмен өнер көрсетпек.

Осы маусымда 25 жастағы қақпашы "Шахтер" үшін 12 матч өткізіп, 15 гол жіберіп алды.

Тимурбек - "Бәйтерек" клубының түлегі болып табылады. Бұған дейін "Ордабасы" жастар командасының, "Қызыл-Жар" және "Тараз" клубтарының қақпасын қорғаған. Одан бөлек, Қазақстанның жастар құрамасында өнер көрсеткен.

Қазақтандық қорғаушы Карам Сұлтанов та "Ордабасы" командасымен келісім-шарт жасасты. Футболшы 6-нөмірмен ойнайтын болады.

25 жастағы футболшы 2021 жылғы маусымды "Шахтерда" бастады. Магомед Адиев келгеннен кейін қорғаушы қарағанды​лық клубтан кетті.

Карам Сұлтанов мансабын "Ордабасы" жастар командасында бастады, содан кейін «Бәйтерек», "Қызыл-Жар", "Каспий" және әзірбайжандық "Сумгаит" клубтарында ойнады.

20 жастағы футболшы Жавлонбек Бабаназаров "Ордабасы" ойыншысы атанды. Жавлонбек осы маусымда "Оңтүстік" Академиясы үшін 15 матч өткізіп, 3 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. Ол 30-нөмірді таңдады.

Ал қазақстандық шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбай "Ордабасы" клубынан кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×