Шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан премьер-лигасының бесінші турында ақтаулық «Каспийді» жеңді.
Ойын бүгін, 21 тамызда Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өтті және 1:0 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз әрі жеңісті голды 44-минутта бразилиялық шабуылшы Жоао Пауло соқты, оған Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко көмектесті.
10 ұпай жинаған «Ордабасы» екінші орынға көтерілді. Соңғы орында бес ойынның бесеуінде де жеңіліс тапқан «Каспий» тұр.