«Ордабасы» жаңа бас бапкер тағайындады

16.02.2022, 17:32
Жаңа басшы өзгеріс жасауды бастап кетті.
«Ордабасы» жаңа бас бапкер тағайындады

«Ордабасының» бас бапкері болып бүгін 48 жастағы белоруссиялық маман Александр Седнев тағайындалды.

Бұған дейін Седнев «Белшина», «Динамо Минск», «Рух Брест» және қазақстандық «Ақтөбеде» жұмыс атқарған.

Өткен маусымда «Ордабасыны» тізгіндеп, Қазақстан Премьер-лигасында 5-орынға тұрақтады. Оның жетекшілігімен шымкенттік клуб 32 матч өткізіп, он үшінде жеңіске жетті, тоғыз мәрте тең ойын өткізіп, он ойында жеңіліске ұшырады.

Естеріңізде болса, бір апта бұрын Бауыржан Абдубайтов «Ордабасы» клубының президенті болып бекітілген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×