"Ордабасы" клубы Шымкенттен небәрі 15 шақырым жерде жаңа жаттығу базасын салып жатыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
AMANVIBE.KZ сайтының мәліметінше базаның мынадай ерекшеліктері баp:
• Футболшылардың толыққанды дайындығы үшін кешенде бірі – жасанды, екіншісі – табиғи көгалды екі алаң болады.
• Ойыншыларды орналастыруға арналған үш қабатты заманауи қонақүй де салынады.
Команда қаңтардағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын бұрыннан таныс "Биік" футбол орталығында өткізеді.
Жаңа база наурыз айында толық дайын болады деп жоспарланған. Сол уақыттан бастап, "Ордабасы" ойыншылары жаңа, әрі жеке алаңдарында жаттығуға мүмкіндік алмақ.