«Ордабасы» және «Қайраттың» Еуропа лигасындағы матчтарына төрешілер тағайындалды

18.08.2020, 17:01
Екі ойын да бір уақытқа жоспарланған екен.
«Ордабасы» және «Қайраттың» Еуропа лигасындағы матчтарына төрешілер тағайындалды

УЕФА алматылық «Қайрат» пен шымкенттік «Ордабасы» қатысатын Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінің матчтарына төрешілер тағайындады.

«Қайрат» пен армениялық «Ноа» арасындағы матчты Швециядан келген Кристоффер Карлссон бастаған төрешілер тобы, оған жерлестері Джуаким Амри Нильссон және Макс-Робин Уайлд, төртінші төреші - Фредрик Клитте көмектеседі.

«Ордабасы» мен румыниялық "Ботошани" арасындағы матчта Әзірбайжаннан келген төрешілер: жетекшісі - Рауф Джабаров, көмекшілері - Намик Гусейнов және Эльшад Абдуллаев, төртіншісі - Камал Умудлу төрелік ететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа лигасының бірінші кезеңіндегі матчтарын «Қайрат» Алматыда, ал «Ордабасы» Шымкентте ойнайды. Екі ойын да 27 тамызда, Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Жеңімпаз бір ойынның нәтижесі бойынша анықталады, және тең түскен жағдайда қосымша уақыт немесе пенальти сериялары тағайындалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×