«Ордабасы» жекеменшікке өтуі мүмкін

Бүгін, 15:48

Оңтүстіктегі танымал кәсіпкер Серікжан Сейітжанов «Ордабасының» қожайыны болып қалуы ықтимал.

«Ордабасы» жекеменшікке өтуі мүмкін
Асхат Сейсембек "Ордабасы" ФК директоры

Forbes тізімінде 27-ші орында тұрған шымкенттік бизнесмен дәл қазір клубты сатып алудың қарекетін қасрастыруда. Бұл туралы «AmanVIBE» арнасы мәлімдеп отыр.

«Бұл процесс ұзаққа созылмайды. Біз келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек аяқтау үшін барлық шараларды қолданып жатырмыз. Біз келіссөз жүргізіп отырған компаниялардың аттарын әзірге атай алмаймын. Нақты келісімге қол жеткізілген кезде бұл туралы хабарлайтын боламыз», – деді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жағдайға байланысты берген сұқбатында.

Айта кетейік, дәл қазір Қазақстанда шамамен 7-8 клуб жекеге өтіп жатыр. Олардың қатарында «Қайсар», «Ақтөбе», «Елімай», «Қызыл-Жар», «Жеңіс» пен «Шахтерды» айтуға болады. Тағы бірнешеуі арасында «Ордабасы» бар, жекеменшікке өтуді алдында тұр.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×